Иляшова Гулия Кенжебековна - 1977 жылы Шығыс Қазақстан Облысы Тарбағатай ауданы Ақжар селосында туылған. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің Экономика және құқық институтының 1999 жылғы түлегі. Негізгі жоғары білімі (бакалавриат) экономист, менеджмент саласының маманы. 2003 жылы университеттің Экономика және бизнес факультетінің Экономикалық теория кафедрасының магистратурасын және 2005 жылы аспирантураны бітірген. Арнайы жоғары білімі Экономика магистрі. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: «Жұмысбастылық құрылымының эволюциясы (Қазақстан Республикасы материалында)». Аспирантурада ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә.Әубәкіров болған, қосымша ғылыми жетекшісі э.ғ.д. Төлегенова М.С. Ғылыми тақырыбы бойынша кафедра отырысында теориялық семинар өткізген. Иляшова Г. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі бола отырып, магистратурада, аспирантурада және де кафедрадағы оқытушылық қызметінде шығармашылық- аналитикалық ойлауымен, педагогикалық қабілетімен ерекшеленген және де студенттермен кураторлық жұмысты да ұйымдастыра біледі. Өзінің жеке бастық қасиеттері жағынан ісіне тыңғылықты, жауапкершілікті, еңбек сүйгіш. Университеттің, кафедраның ғылыми және қоғамдық өмірлеріне белсене араласады. Факультеттегі жас ғалымдардың конференцияларына, республикалық және халықаралық конференцияларына қатынасады. 15 ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде 1-і шет елдік (Қырғызстанда). Кандидаттық емтихандарды толығымен тапсырған (2004 жылы – философия және шеті тілінен, 2005 жылы мамандық пәнінен кандидаттық минимум тапсырған). 2004-шы жылдан бері оқытушылық қызметте жүрген Иляшова Г. кафедрада өзін оң жағынан көрсете білді. Кафедрадағы мамандықтың (Құқық және экономика) оқу жоспарын (бакалавриат, магистратура) жасайды, оқу жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, тест және емтихан сұрақтарын жасауға қатысады және де 2005-2006 оқу жылында факультетте э.ғ.д., профессор Е.Б.Жатқанбаевтың жалпы редакциялауымен әзірленген Экономикалық теориядан практикалық әдістемені дайындауға қатысты, және де әрдайым өзін жетілдірумен айналысады, ұжым ортасында және де студенттердің арасында құрметке ие, сыйлы, өз беделі бар. Кафедрада аспирантура мен магистратура бойынша іс жүргізуде жауапты болған. 2007/2008 оқу жылында «Құқық және экономика» мамандығының 2-ші курстарын Мемлекеттік аралық аттестаттауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан. Факультетте 2006-2007, 2007-2008 оқу жылдары «үздік куратор» мақтау қағазына ие болған. Г.Иляшованың негізгі оқитын курстары: «Экономикалық теория негіздері», «Экономика қағидалары», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық адам үлгісі», «Нарық инфрақұрылымының экономикасы» және де 2012-2013 оқу жылынан «Микроэкономика» курсын меңгерді және де Қашықтықтан оқытуды жүргізеді. Оқу практикасы, диплом алдындағы практика бойынша жетекшілік етеді. 2010-2011 оқу жылдарында «Құқық және экономика негіздері» мамандығында бакалавриат және магистратура бағытында Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының техникалық хатшысы болған. Сондай-ақ осы жылы «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша МВА магистратурасын ашуға лицензия алу үшін жұмыс оқу бағдарламасын жасауға және құжаттар пакетін жасауға, электронды құжаттаманы жасауға белсенді қатысты. Кафедрада осы жылы мамандық рейтингісін жасауда жауапты тұлға ретінде өзін өте білікті деңгейдегі маман екендігін көрсете алды. Оқу үдерісінде сабақта мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін жүргізеді. Ғылыми мақалаларының жалпы саны 20-ға жуық. Факульттеттегі студенттік конференцияға әрдайым студенттерді дайындайды және олар жүлделі орындар алуда.Университеттің және факультеттің қоғамдық өміріне белсенді араласады. Біліктілік деңгейін әрдайым арттырып отырады. Кәсіби бейімдеу жұмыстарын да білім беру ұйымдарында жақсы ұйымдастырады. Студенттер тарапынан пәндік таңдау жасауда жақсы көрсеткіштерге ие және де студенттерге мәдени іс- шаралар өткізуде, бос уақыттарын ұйымдастыруда танымдық мақсаттардағы демалыстарды ұйымдастыруда белсенділік танытуда.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1999

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
ДокторPhD
Философские науки
15.01.2024
Интересы

2

Иляшова Гулия Кенжебековна

2013 - г. 5 - стр. 38
3

Иляшова Гулия Кенжебековна

Қазақстан экономикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу" 2013 - г. 4 - стр. 1
4

Иляшова Гулия Кенжебековна

2014 - г. 4 - стр. 0
5

Иляшова Гулия Кенжебековна

Дуламбаева Р.Т. Самозанятость - в качестве необходимого условия для развития малого и среднего бизнеса и деловой активности в Республике Казахстан 2016 - г. 2 - стр. 1
6

Иляшова Гулия Кенжебековна

Занятость трудоспособного населения: теоретический и практический подход 2016 - г. 4 - стр. 2
7

Иляшова Гулия Кенжебековна

Проблема занятости в Казахстане 2016 - г. 2 - стр. 1
8

Иляшова Гулия Кенжебековна

Садыханова Г.А. Employment problems in Kazakhstan 2016 - г. 4 - стр. 0
9

Иляшова Гулия Кенжебековна

Садыханова Г.А. Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтудың даму сипаты 2017 - г. 5 - стр. 0
10

Иляшова Гулия Кенжебековна

Проблема занятости в Казахстане 2016 - г. 4 - стр. 1
11

Иляшова Гулия Кенжебековна

Развития самостоятельной занятости в Казахстане 2017 - г. 6 - стр. 1
12

Иляшова Гулия Кенжебековна

Садыханова Г.А., Иляшова Г.К. 2018 - г. 9 - стр. 319
13

Иляшова Гулия Кенжебековна

Садыханова Г.А., Сақыпбек М.А. 2018 - г. 9 - стр. 0
14

Иляшова Гулия Кенжебековна

Мухамедиев Б.М. Влияние Евразийского экономического союза на торговлю Казахстана: оценка воздействия с использованием метода синтетического контроля 2020 - г. 10 - стр. 15
15

Иляшова Гулия Кенжебековна

Джумамбаев С.К., Досмбек А.Ж. Влияние новых технологий на производительность труда и заработную плату в Казахстане 2020 - г. 9 - стр. 1
16

Иляшова Гулия Кенжебековна

КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА В УПРАВЛЕНИИ ЦЕПОЧКАМИ ПОСТАВОК МОЛОЧНОЙ ПРОДУКЦИИ 2020 - г. 14 - стр. 21
17

Иляшова Гулия Кенжебековна

Тенденции самостоятельной занятости на фоне пандемии 2021 - г. 19 - стр. 1
18

Иляшова Гулия Кенжебековна

Джумамбаев С.К., Досмбек А.Ж. Совершенствование системы регулирования заработной платы в Казахстане. 2023 - г. 14 - стр. 1
19

Иляшова Гулия Кенжебековна

Интернационализация высшего образования как результат эффективного сотрудничества Италии и Казахстана 2024 - г. 2 - стр. 0